• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2022

Ұлағатты есім ұмытылмайды

328 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Мәжит Бегалин атындағы №120 мектеп-гимназияда «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен белгілі кинорежиссердің 100 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өтіп, соңынан концерт ұйымдастырылды.

Аталған шараға Мәжит Бега­линнің туыстары – Гүлнәр, Айжан және Айдар Бегалиндер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, киностудияның көркемдік жетек­шісі Асанәлі Әшімов, деректі кино режиссері Болат Нүсімбеков, сондай-ақ «Қазақфильмнің» вице-президенттері Айдархан Әділбаев пен Айдар Баталов және басқалары қатысты.

Мәдени іс-шара алдында қо­нақтар Мәжит Бегалиннің құжат­тары, жеке заттары, наградалары, суреттері мен өзі түсірген фильм­нің постерлері сақталған мектептің музейін аралап, қызықты деректермен танысты. Киностудияның вице-президенті Айдар Баталов режиссердің есімін ұлықтап жүр­ген ұстаздарға алғысын білді­ріп, мектеп директоры Айсұлу Бота-е­ва­ға Шәкен Аймановтың фильм­дері топтастырылған DVD жи­нағын тарту етті.

Қазақ кино өнерінің саңлағы Асанәлі Әшімовті мектеп оқу­шы­лары ерекше қошеметпен қар­сы алды. Өз сөзінде танымал актер осыдан 10 жыл бұрын музейдің ашылуына қатысқанын еске алып, осындағы жәдігерлер режиссердің інісі Қасым Бегалиннің арқасында жиналғанын айтты.

– Мәжит Бегалин менен 15 жас үлкен болса да, бір-бірімізбен оңай тіл табыстық. Мәжекең маған көп нәрсені үйретті. Өте мейірімді және білімді адам еді, тек қана шындықты айтуға талпынатын. Арамыздан ерте кетсе де, қазақ киносының тарихында өшпейтін із қалдырды, – деді Асанәлі Әшімов.

Ұлттық киноның іргетасын қалап, қалыптасуы жолында өлшеусіз еңбек сіңірген Мәжит Бегалиннің есімін иеленіп отырған мектеп ұжымы мен онда білім алатын ұрпақ тұлғаны қастерлеу жолында тынбай ізденісте келе жатқанын мақтанышпен жеткізді.

 

АЛМАТЫ