• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 24 Ақпан, 2022

Әлихан Смайылов ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті

148 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасын дайындау барысы, ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің алдағы отырысын өткізу мәселелері талқыланды. Ә. Смайыловтың айтуынша, өзара тиімді шешімдер қабылдауға басымдық беру ұйымның бағытына толық сәйкес келеді, мұны Ұйым жұмыс істеген кезеңде өзара сауданың едәуір өсуі нақты көрсетіп отыр.

Мәселен, ЕАЭО қызметі кезеңде Қазақстанның әріптестерімен өзара саудасы 37,5%-ға, оның ішінде экспорт 33%-ға өсті.

«Біздің алдымызда түрлі салалардағы, бірінші кезекте өнеркәсіптегі кооперация кәсіпорындармен бірлесіп интеграциялық жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Өткен жылы Қазақстан ЕАЭО-ның жарғылық органдарында төрағалық етуші тарап болды. Біздің мемлекет басшымыз Қ. Тоқаев өткен жылдың басында біздің ұйымға төрағалық етуіміздің басым бағыттарын белгіледі, Президенттің үндеуінде көрсетілген осы бағыттар бірлескен күш-жігеріміздің арқасында сол кезеңде табысты іске асырылды деп сеніммен айтуға болады және биылғы жылы оларды жүзеге асыру жалғасуда», Ә. Смайылов.

Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 26,1 миллиард доллар болды, бұл 2020 жылға қарағанда 28 пайызға жоғары. Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорт 2021 жылы 34,9 пайыз долларға өсіп, 7,6 миллиард долларға жетті. ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорт 2021 жылы 25,4 пайызға өсіп, 18,4 миллиард доллар болды.