Украина Ресеймен дипломатиялық қатынасты бұзды. Бұл туралы бейсенбіде өткен брифингте Украина Президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Зеленский Украина сыртқы істер министрлігінен Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты толықтай үзу туралы өтініш алғанын жеткізді.
Ресей Президенті Владимир Путин бейсенбі күні таңертең теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын айтты. Десе де, Ресей Президенті Мәскеу Украина аумағын оккупациялау мақсатын көздемейтінін айтты.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі де ресейлік әскерилер Украина қалаларына соққы жасамайтынын, әскери инфрақұрылым жоғары дәлдіктегі құралдармен шығарылатынын хабарлады.
«Бейбіт тұрғындарға ешқандай қауіп төнбейді», деп сендірді ведомство.