Еліміздің сыртқы істер министрлігі ведомствоға Украинадан елге эвакуациялау туралы 528 өтініш түскені туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі кезге дейін эвакуациялау туралы 528 азамат өтініш білдірді. Бірінші репатриациялық рейс 26-27 ақпанда қатынауы тиіс», дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Сондай-ақ ол рейстердің тегін ұйымдастырылатынын да тіліне тиек етті.