Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы додасында қазақстандық былғары қолғап шебері Дамир Әбдіқадыр күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
51 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық боксшы финалда өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа қарсы рингке көтерілді. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, өзбек оғланы Хасанбой Дусматов бұл жекпе-жекте төрешілердің біржақты шешімімен жеңіске жетіп, дода жеңімпазы атанса, отандасымыз күміс жүлдені қанағат тұтты.