• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2022

Сегіз қорап марихуана тәркіленді

221 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы өнеркәсіптік аймақ аумағында үш азамат ұсталды. «Газель» автокөлігінің борт бөлігінен марихуана есірткі заты бар 8 қорап табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде «Газель» маркалы автокөлігінің борт бөлігінен жалпы салмағы 185 килограмм 980 грамм болатын сары түсті марихуана есірткі заты бар 8 қорапты тауып, тәркіледі.

«Бұл есірткі заты оңтүстік облыстардан Маңғыстау облысының аумағына одан әрі өткізу үшін әкелінді. 38 жастағы әйел мен 28 және 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізілуде», делінген полиция хабарламасында.