Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы додасында қазақ қызы алтын жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
50 килограмм салмақ дәрежесінде топқа түскен Назым Қызайбай бұған дейін финалға қиналмай жеткен болатын. Шешуші кездесуде ол алжирлік Румайсо Буалеге қарсы рингке көтерілді. Жекпе-жек барысында айқын басымдылық көрсетіп, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген отандасымыз төрешілердің біржақты шешімімен жеңіске жетіп, ел қоржынына алтын медаль түсірді.