• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2022

Боксшының кітабы жарық көрді

840 рет
көрсетілді

Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы өзінің кітабы жарық көргені туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көптен күткен жаңалық! Менің кітабым жарыққа шықты! «Жағың сынса да, сағың сынбасын» атты туындым. 2 жыл бұрын. Мен Белоруссия елінде жекпе-жекке дайындалып жатқан кезде, 2016 жылы болған жекпе-жегім жайлы жазуды қолға алдым. Ол жай жекпе-жек емес еді… Сынған жақпен жеңіске жеткен жекпе-жегім еді…. Сол жекпе-жегім жайлы, бокс жайлы, өзім жайлы туындымды сіздерге ұсынамын! Жастарға, қоғамға тәрбиелік мәні зор, пайдасын тигізетін кітап боларына сенемін», деп жазды ол өзінің инстаграмдағы парақшасында.