Академиялық адалдық лигасы «Атамекен» ҰКП деректері негізінде Қазақстан жоғары оқу орындарының бас рейтингісін таныстырды. Деректер интерактивті аналитикалық мәліметтер тақтасы түрінде ұсынылған.
Жыл сайын кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарына келесі критерийлер бойынша бағалау жүргізеді. Олар – түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы, орташа жалақы көрсеткіші және білім беру бағдарламасының сапасы. Жиын барысында Лига мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтинг нәтижелерін талқылап, интерактивті сараптамалық дешборд ұсынды.
Білім сапасы бойынша үздік ондықтың қатарына келесі жоғары оқу орындары кірді. Олардың қатарында М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ, Қазақстан-Британ техникалық университеті, КИМЭП, М.С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы менеджмент университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Астана» медициналық университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Қарағанды медицина университеті бар.
«Бұл рейтингті құрудың мақсаты талапкерлерге ең жақсы және нашар университеттердің тізімін көрсету ғана емес, сонымен қатар жұмыс істейтін құралдарды ұсыну болды, оның көмегімен талапкер университет сапасының орташа бағасымен танысып, өзіне қызықты университеттердің білім беру бағдарламаларын салыстыра алады. Рейтингтің алғашқы ондығында Академиялық адалдық лигасының мүшелері тұр», деді Академиялық адалдық лигасы хатшылығының жетекшісі Яков Воронков.
Ыңғайлы сүзгілердің көмегімен білім беру бағдарламаларын рейтингтегі позиция бойынша ғана емес, сонымен қатар жұмыс деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы және орташа жалақы сияқты жеке параметрлер бойынша салыстыруға болады.