• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Ақпан, 2022

Әлем кубогында озып тұр

263 рет
көрсетілді

Германияның Котбус қаласында спорт­тық гимнастикадан Әлем кубо­гының іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Оның нәтижелері бойынша жер­лестеріміз алда тұр.

Гимнастикалық ат снарядындағы іріктеу қорытындысы бойынша Нариман Курбанов бірінші орында келеді. Ол 15,266 ұпай жинаған. Еркін жаттығуда Милад Карими үшінші орында тұр. Ол 13,600 ұпай жинап, финалға жолдама алды. Сондай-ақ Милад қол тіреп секіруден іріктеу нәтижесі бойын­ша алтыншы сатыға жайғасты.

Карими тағы бір жаттығу бойынша да финалда бақ сынайтын болды. Гим­настикалық керме жаттығуындағы іріктеу қорытындысында қазақстандық спорт­шы 14,466 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.