• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Футбол 28 Ақпан, 2022

«Ақсудың» үш ойыншысы Украинадан қайта алмай қалды

281 рет
көрсетілді

«Ақсу» футбол клубының үш бірдей өкілі Украинадан Қазақстанға орала алмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақстандық командалардың бірнеше футболшысы Украинадағы әскери әрекетке байланысты Қазақстанға орала алмай жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Олардың қатарында «Ақсу» футбол клубының өкілдері де бар. Олар: 31 жастағы жартылай қорғаушы Евгений Задоя, 28 жасар шабуылшы Максим Марусич және физикалық дайындыққа жауапты бапкер Владимир Аржанов. Аттары аталған азаматтардың команда сапына қашан қосылатыны әзірге белгісіз.