Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағы үшін өтетін Гловер Тейшейра мен Ирижи Прохазка арасындағы жекпе-жек мамыр айынан маусым айына ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz сhampionat.com-ға сілтеме жасап.
Бастапқыда екі спортшы арасындағы шайқас 7 мамырға жоспарланған UFC 274 турнирі аясында өтуге тиіс болған. Алайда ұйымдастырушылар ойласа келе аталмыш кездесуді UFC 275 турниріне басты жекпе-жек ретінде қосу туралы шешім қабылдаған. Осылайша екі спортшы октагонда маусым айында кездесетін болды.