• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 28 Ақпан, 2022

44 жасар Буффон келісімшартын 2024 жылға дейін ұзартты

900 рет
көрсетілді

Италиялық «Парма» футбол клубының қақпашысы Джанлуиджи Буффон командасымен келісімшартын 2024 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы журналист Никола Скира өзінің твиттерінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аты аңызға айналған қақпашы «Парма» футбол клубына өткен жылы ауысқан болатын. Осы маусымда қақпашы 23 ойында жасыл алаңға шығып, сегіз кездесуде қақпасына гол өткізген жоқ. Қақпашы ілгеріде «Ювентус» және франциялық «ПСЖ» футбол клубтарының, Италия құрамасының намысын қорғаған еді.