• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 28 Ақпан, 2022

«Реалдың» басшылары Кундеге көз тіге бастады

315 рет
көрсетілді

Испаниялық «Севилья» футбол клубының қорғаушысы Жюль Кундені қатарына қосқысы келетін командалардың саны көбейіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Жюль Кундені каталониялық «Барселона», ұлыбританиялық «Челси» футбол клубтары қатарларына қосқысы келсе, енді мадридтік «Реалдың» басшылары да қызығушылық танытып отыр. Футболшының «Севилья» футбол клубымен келісімшарты 2024 жылы аяқталады. Ал футболшыны жедел сатып алғысы келетін команда келісімшартта көрсетілген 80 миллион еуроны «Севильяның» есеп-шотына аударса, ойыншы сол команданың жейдесін киеді. Жалпы «Севильяның» басшылары келіссөздер жүргізілген күннің өзінде қорғаушыны келісімшартта көрсетілген 80 миллионға жетеқабыл сомаға сатуға ниетті. Ал Transfermarkt  Кунденің құнын 60 миллион еуроға бағалап отыр.