• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Теннис 01 Наурыз, 2022

Халықаралық турнирде топ жарды

181 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Tennis Europe турнирінің чемпионы атанды. Жарыс Франция астанасы – Парижде ұйымдастырылды.

Еуропаның 14 жасқа дейінгі тен­нисшілері арасында әлемнің 5-ракеткасы саналатын Заңғар Нұрланұлы финалда жергілікті теннисші Тимео Труфеллимен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда корт иесі 7:5 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте жерлесіміз ойын тізгінін өз қолына алып, таразы басын теңестірді – 6:1. Үшінші, шешуші партияда да З.Нұрланұлы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:1. Осылайша жерлесіміз Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирлерде төртінші титулына қол жеткізді. Айта кетейік, кезінде бұл жарыста Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис сияқты мықты теннис­шілер де жеңімпаз атанған болатын.

Жарыс барысында отандасымыз әуелі аустриялық Максимиллиан Хей­дель­­­майерді, кейін Францияның жасөс­пірім­дер арасындағы бірінші ракеткасы Лени Кутурьені, ширек финалда Ресей өкілі Сава Рыбкинді, жартылай финалда ли­вандық Даниэль Жадты жеңген болатын.