• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2014

Қаламгерді қабылдады

320 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жазушы және қоғам қайраткері Дулат Исабековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Алматыдағы резиденция­да өткен әңгіме барысында отандық мәдениетті дамыту мәселелері мен қазіргі заманғы әдеби үдерістердің әртүрлі қырлары талқыланды. Мемлекет басшысы қазақ­­стан­дықтардың мәдени және ру­хани баюына тікелей ықпал ете­тін жазушылар мен барлық шы­ғармашылық өкілдері қыз­­­метінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ, баршасына табыс тіледі. Д.Исабеков өзінің соңғы жаз­­ған туындылары мен шығармашы­­лық жоспарлары жөнінде әңгімеле­ді. Атап айтқанда, ол алдағы уақыт­та Лондонда ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және «Өкпек жолаушы» пьесасы бойынша қойылатын спектакльдің премьерасы өтетінін айтты.
Соңғы жаңалықтар