• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Футбол 02 Наурыз, 2022

Барлық турнирден шеттетті

142 рет
көрсетілді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол одағы (УЕФА) Ресей ұлттық құрамасы мен клубтарын барлық халықаралық турнирден шеттетті.

Атап айтқанда, Ресей құрамасы наурыз айы­ның соңында Қатар астанасы – Дохада өтетін футболдан әлем біріншілігіне жолдама беретін плей-офф кезеңінде Польша құрамасымен ойнауға тиіс еді. Бірақ ФИФА шешімімен Ресей құрамасы бұл ойыннан шеттетілді.

Сондай-ақ УЕФА да Ресей клубтарына барлық халықаралық жарыста ойнауына тыйым салды. Соның салдарынан Еу­ропа лигасының 1/8 финалында бақ сынап жат­қан Мәскеудің «Спартагы» байрақты бәсекеден шығып қалды. Олар 10 және 17 нау­рызда Германияның «Лейпцигімен» ширек финалдың жолдамасын сарапқа салатын еді.

Сондай-ақ Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы да Ресей мен Беларусь құрама­ларын алдағы мамыр айында Финляндияда өтетін әлем чемпионатынан шеттетті.