• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2022

Қаңтар оқиғасы: Қару-жарақ дүкенін тонағандарға қатысты сот үкімі шықты

446 рет
көрсетілді

Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенін тонап кеткендерге қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша, Оңтай мен Жеңісхан «Алпамыс» аңшылық дүкенінен қару ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оларды бес жылға бас бостандығынан айырды», деді Қилымжанов ОКҚ брифингінде. 

Оның айтуынша, лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерден бөлек, тонау, ұрлық, қару-жарақ ұрлау, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану фактілері тексеріліп жатыр.