• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Наурыз, 2022

Польша Ресейден көмір тасуды тоқтатады

244 рет
көрсетілді

Польша Ресей елінен көмір тасымалдамайтынын айтты. Бұл шешімді Премьер-министр Матеуш Моравецкий Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишельмен бірлескен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Мен тағы да Еуропалық комиссиядан ресейлік көмірге қатысты эмбаргоны шешуді сұраймын. Маған ЕК тарапынан осы әрекет үшін Польшаның жазаланбайтыны туралы бір уәде керек. Сонда біз ресейлік көмірге эмбарго енгізуге дайын боламыз», деді Премьер-министр.

Моравецкий Польша ресейлік көмірдің орнын ауыстыру үшін Австралия елімен қысқа мерзімде келіссөздер жүргізіп жатқанын да айтты.

Аяна Тоғанбек