• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 03 Наурыз, 2022

DAZN Головкин-Мурата жекпе-жегін ресми түрде жариялады

2005 рет
көрсетілді

DAZN IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA super белдігінің иегері, жапониялық Риота Мурата арасында жекпе-жекті ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

DAZN қызметі әлеуметтік желілерде екі боксшы арасындағы шайқасты жарнамалап қана қоймай «Ұлт батырларының жекпе-жегі. Головкин-Мурата жекпе-жегі Жапонияда өтеді» деген жазба қалдырды.

Екі мықты арасындағы кездесу 9 сәуір күні Жапония астанасы Токио қаласындағы «Сайтама» кешенінде өтетіні бұған дейін жазылған болатын.