Жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев UFC президенті Дана Уайтқа қарата мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Маған бәрібір екенін білесің ғой. Октагонға қарсылас ретінде кімді шығарсаң да жеңіл салмақ дәрежесінде топқа түсіп жүрген жігіттердің барлығын жеңемін. Өйткені дивизиондағы жігіттердің әлеуетін жақсы білемін», деп жазды ол әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Сәл ертеректе ұйымның басшысы Дана Уайт Ислам Махачев пен Бенеил Дариуш арасындағы кездесуді ұйымдастыруға ниетті екенін жеткізген болатын. Негізі Махачев пен Дариуш UFC Вегас 49 турнирінде кім мықтыны анықтауға тиіс болған. Алайда Бенеил Дариуштың жарақат алуына байланысты оны Бобби Грин алмастырып, Ислам Махачевтен техникалық нокаутпен жеңілген еді.