• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 05 Наурыз, 2022

Паралимпиада-2022: Александр Герлиц мәреге 8-ші болып келді

211 рет
көрсетілді

Бейжіңде өтіп жатқан 2022 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Александр Герлиц биатлоннан түрегеп жарысу сайысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсеке нәтижесінде украиналық Григорий Вовчинский мәре сызығын бірінші болып қиды. Екінші орын германиялық Майерге бұйырса, үздік үштікті канадалық Марк Арендз түйіндеді.

Ал қазақстандық спортшы мәреге сегізінші болып келді. Көрсеткіші - 18:40.3. Оның жарыс жеңімпазынан қалып қойған көрсеткіші - +2:22.7.

Енді қазақстандық спортшылар 6, 8, 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.