Қазақстан Ұлттық Банкі доллардың теңгеге қатысты ресми бағамын 6-9 наурызға белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке күндері және сәрсенбіде доллар бағамы 503,30 теңгеге тең болады.
Айта кетейік, доллардың 5 наурыздағы ресми бағамы 499,20 теңге болды.
Сондай-ақ, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 503,30 теңгені көрсетті.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 505,58 теңге, сатылым - 520 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орташа есеппен 515,45 теңгеден сатып алады, 520,47 теңгеден сатады.