• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2022

Далила мен Инна дара шықты

277 рет
көрсетілді

«Болашақ геофизикасы-2022» бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясында Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Нақтырақ айтқанда, «Қарағанды облысының өнеркәсіп салаларында көмірді қолдану» жобасын ұсынған Инна Ким мен Далила Қуанышова бірінші орынды жеңіп алды.

 

Аталған конференцияны «Дубна» мемлекеттік универ­ситеті, Ресей Жаратылыстану ғылым­дары академиясы, Ре­сей геологиялық қоғамы және В.Вернандский атындағы мем­ле­кеттік геологиялық мұра­жай ұйымдастырған болатын.

Айта кету керек, жеңімпаз жұп Қазақстаннан қатысқан жалғыз-ақ команда болыпты. Ал жалпы, конференцияда бұлар үздік шыққан «Адамның шаруашылық қызметінде тау жыныстары мен минералдарын қолдану» бағыты бойынша 14 жоба сынға түскен.

Жоба жетекшісі – география пәнінің мұғалімі Жа­нар Байметованың айтуынша, оқушылар Қарағанды аумағын­да көмірдің пайда болуының геологиялық ерекшеліктерін және оны заманауи көмір өнер­кәсібінде қолдану технологиясының қыр-сырын ашу жолында жемісті еңбек еткен.

Ал Далила Қуанышова атал­ған конференцияға екі ай бойы дайындалғандарын айтады.

– Бұл – біздің ортақ ең­бегіміз. Шынымды айтсам, бі­рінші орын аламыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді. Қуанышымызда шек жоқ. Бұл жеңіс бізге сенімділік берді, ілгері жылжуға ынталандырады. Алдағы уақыттағы жос­парымыз зор. «Көмір өнер­кәсібінің эко­логияға және қор­шаған ортаға әсерін ескере отырып дамуы» тақырыбы бойынша жұмыс істейміз деген ниетіміз бар, – дейді Д. Қуанышова.

 

Қарағанды облысы