• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2022

Өскемендегі жол апатынан екі адам құтқарылды

257 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында жол апаты салдарынан көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғасы Омаров көшесінде болған. «Тойота Ланд Крузер» және «ВАЗ» автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «ВАЗ» көлігіндегі жүргізуші мен жолаушы іште қыстырылып қалды. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Құтқарушылар гидравликалық құралмен 2 адамды алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте департамент мамандары қандай да бір қиындыққа тап болған өңір жұртшылығына дереу «112» нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертті.