Кремль Украина билігі ресми Мәскеудің талабын орындаған жағдайда соғыс әрекеттері лезде тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жөнінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ақпарат таратты. Ол Reuters-ке берген сұхбатында мәселенің мәнісін толық айтты. Песковтың сөзіне қарасақ, Украина конституцияға түзетулер енгізуі, бейтарап ел мәртебесін бекітуі тиіс. Сондай-ақ Қырымды Ресей аймағы ретінде танып, ДХР мен ЛХР-ді тәуелсіз ел ретінде мойындауы шарт. Мұндай шартқа Украина билігі келісе қояды дегенге сену қиын.