• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Наурыз, 2022

Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясындағы қызметінен кетті

414 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші Мәжіліске келіп түсті. Ерлан Сламханұлы ҚР Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы Қаулысымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған болатын. Заңнамаға сәйкес, сайлау комиссиясы мүшесі міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш берген жағдайда өз міндеттерін атқарудан босатылады», деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған өтінішке қатысты шешім қабылдап, Ерлан Дауылбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Айта кетейік, 2020 жылы қаңтарда Ерлан Сламханұлы ҚР ОСК мүшесі қызметіне тағайындалған болатын.