Елімізде соңғы екі айда көлік қылмысы күрт көбейіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Әсіресе теміржол транспортын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың 13 дерегі белгілі болған. Салдарынан 7 адам бақиға аттанған. Бұл туралы еліміздің бас тергеушісі Санжар Әділов ақпарат таратты. Жалпы елімізде соңғы екі айда 260-тан аса көлік қылмысы тіркелгенін айта кеткен жөн.