• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Футбол 11 Наурыз, 2022

Ұлттық құрамның кеңейтілген тізімі жарияланды

132 рет
көрсетілді

Күні кеше футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Андрей Карпович наурыз айының соңында Ұлттар лигасы аясында Молдовамен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың кеңейтілген құрамын жариялады.

Алдағы оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар тізімінен бұл жолы екі жаңа есімді байқадық. Бірі қарағандылық «Шахтердің» 20 жастағы жартылай қорғаушысы Абылайхан Назымханов болса, екіншісі – чемпионаттың бірінші турында «Каспийге» жеңіс сыйлаған Аслан Әділ. Ал қалған ойыншылардың көбі бұрыннан ұлттық құрамаға шақыртылып жүргендер. Жарақатына байланысты қатардан шығып қалған Ғафуржан Сүйімбаев пен Талғат Байсуфинов қажет етпеген Айбол Әбікен мен Роман Муртазаев ұлттық құрамаға қайта оралды. Өкінішке қарай, «Тобылдың» капитаны Серік­жан Мұжықов жарақат алып, ұзақ мерзімге қатардан шығып қалды.

Алдағы екі ойынға шақырылған футболшылардың тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Стас Покатилов («Ақтөбе»), Игорь Шацкий («Шахтёр»);

Қорғаушылар: Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Ғафуржан Сү­йімбаев («Ақсу»), Тимур Дос­ма­­ғамбетов («Шахтер»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп ( «Зенит», Ресей), Абзал Бейсебеков («Астана»), Самат Жарынбетов, Бағдат Қайыров, Александр Марочкин, Сергей Малый (барлығы – «Тобыл»), Нұрлан Дайыров («Тараз»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев (екеуі де – «Тобыл»), Рамазан Ора­зов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақ­төбе»), Исламбек Қуат («Астана»), Ду­ман Нәрзілдаев («Каспий»), Ай­бол Әбікен («Ақсу»), Абылайхан Назым­ханов («Шахтер»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Георгий Жуков («Висла» Краков, Польша), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Аслан Әділ («Каспий»);

Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Қай­рат»), Абат Айымбетов («Ас­тана»), Алексей Щеткин («Ротор», Ре­сей), Роман Мұртазаев («Шахтер»), Ай­бар Жақсылықов («Тобыл»).

Бапкерлер штабы: Андрей Кар­пович – бас бапкердің міндетін атқарушы, Сергей Лобадовский – бап­кердің көмекшісі, Максим Жалмағам­бетов – бапкердің көмекшісі, Борис Глушков – дене даярлығы бапкері, Алек­сандр Петухов – қақпашылар бап­кері, Ма­гомед Нозадзе – сарапшы бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Молдо­вамен болатын Ұлттар лигасының өтпелі матчы 24 наурыз күні Кишиневте өтсе, жауапты ойын 29 наурыз күні елордадағы «Астана Аренада» ойналады. Екі ойынның қоры­тын­дысы бойын­ша жеңіске жеткен құ­рама УЕФА Ұлттар лигасының «С» диви­зионында қалады.