• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 11 Наурыз, 2022

«ПСЖ» басшылары Неймардан құтылғысы келеді

313 рет
көрсетілді

Франциялық «ПСЖ» футбол клубының басшылары команданың бразилиялық шабуылшысы Неймардан құтылғысы келеді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Клуб басшылары ойға алған жобаны жаңаша құруға ниеттеніп отыр. Сол үшін де команда жетекшілері Неймарды командадан аластатуға дайын. Біріншіден, бразилиялық футболшының ойыны клуб қожайындарының көңілінен шықпайды. Екіншіден, футболшының түнгі ойын-сауық кештерінен жиі табылатыны да ұнамайды екен. Үшіншіден, команда басшыларына Неймардың әкесінің қарым-қатынасы жақпай қалған. Осы үш фактор «ПСЖ» басшыларының жүйкесіне ши жүгірткен. Сондай-ақ, еурокубоктық жарыстарда бразилиялық футболшының ойдағыдай ойын өрнегін көрсете алмағаны да жығылғанға жұдырық болып тұр.