Талдықорғанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 11 наурыз күні сағат 06.30-да автобустың өртенгені туралы хабар түскен. Көлікте жолаушылар болмаған. Өрт таңғы сағат 06:44-те сөндірілді.
«Өрт аспаптар панеліндегі қысқа тұйықталудың кесірінен тұтанған болуы мүмкін» деп болжам жасады Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.