• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 14 Наурыз, 2022

Головкин мен Муратаның рингке шығатын уақыты белгілі болды

364 рет
көрсетілді

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA (super) белдігінің иегері, жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің 9 сәуір күні сағат қаншада басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бокс кешінің негізгі карды Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.30-да басталады деп жоспарланған. Ал кештің басты жекпе-жегі шамамен 17.30-да өтпек. Әлбетте бұл уақыт андеркардтағы кездесулердің уақытымен тығыз байланысты. Қысқасы екі мықты арасындағы шайқас 17.30-18.30 аралығында басталуы бек мүмкін. Бокс кешін қазақстандық телеарналардың бірі тікелей эфирден көрсетеді деп күтілуде. Алайда қай телеарна екені әзірге беймәлім.