• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 15 Наурыз, 2022

Отынға акциз мөлшерлемесін арттыру қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді – ҚР ҰЭМ

330 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жобада мыналар көзделген:

– өндірушілердің бензинді, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспалары мен экологиялық отынды көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасына 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін ұлғайту;

– өндірушілердің дизель отынын көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасы үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту;

– дизель отынына акциздердің маусымдық өзгеруін болдырмау;

– дизель отынының импортына акциздердің тең мөлшерлемесін белгілеу;

– дизель отынына ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын нақтылау.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, акциз мөлшерлемелерін ұлғайту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджетке қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді.