• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 15 Наурыз, 2022

Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті сайланды

430 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында өткен XVII Съезінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиын барысында еліміздегі сәулет индустриясын дамытудың басты мәселелері талқыланған.

Іс-шараға Сәулетшілер одағының филиалдары мен бастауыш ұйымдарынан 90 делегат қатысты.

Съезд кезінде бірлестіктің жаңа басқарушы құрамы сайланған. Одақтың басшысы лауазымына профессор, Халықаралық Сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, КСРО және Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Серік Сұлтанғали тағайындалды.

Одақтың жаңа вице-президенттері болып құрметті құрылысшылар Айдар Татығұлов пен Ғабит Садырбаев сайланды.Сонымен қатар, тексеру комиссиясының құрамына Владимир Сидоров, Ержан Ахметов, Қалби Қошқарбаев, Төлетай Жарылғанов кірді.

Басқосуда Қазақстан архитектурасының қазіргі заманғы кезеңі мен болашақ дамуының өзекті мәселелерін қозғаған бірнеше баяндама тыңдалды.

«Бұрын біздің елімізде қала құрылысы кеңесі жұмыс істеген. Кез келген ғимараттың құрылысын көлеміне қарамастан, Қазақстан Сәулетшілер одағы жанындағы сәулет қоғамдастығы әрқашан қарастыратын. Одақтың жас мүшелері көп екенін ескере отырып, барлық жаңа технологиялар одақтың бақылауында екенін айтқым келеді. Азаматтар наразы болатын хаотикалық және тығыз құрылысқа жол берілмеуі керек. Біз қала құрылысы кеңесінің шешімдері мен ұсыныстарына қол жеткіземіз және оған сүйенеміз», деді Сәулетшілер одағының президенті Серік Сұлтанғали.

Айта кетсек, Қазақстан Сәулетшілер одағы 1936 жылдан бері ұзақ және жемісті даму жолынан өтті. 1992 жылы бұрынғы КСРО Сәулетшілер одағының республикалық ұйымы дербестікке ие болып, «Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы» деп атала бастады. Осы кезеңде одақ ТМД Сәулетшілер одақтарының халықаралық қауымдастығының (IASA) құрылтайшыларының бірі болды. Сонымен қатар  Халықаралық Сәулетшілер одағының тең құқылы мүшесі.