Лондонның ICE құрлықаралық биржасында 2022 жылдың мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы бұған дейін 7%-дан астам құлдырағаннан кейін бір баррель үшін 100 доллардан жоғары саудаланды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Мәскеу уақытымен сағат 04:10-дағы жағдай бойынша, Brent фьючерстері барреліне $100,77 (+0,86%) деңгейінде саудаланды. Сағат 04:17-де Brent маркалы мұнай өсімін жылдамдатып, баррелі100,9 доллардан (+0,99%) сатылды.
Сейсенбіде ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың 2022 жылдың мамыр айына жеткізілетін фьючерстік келісімшартының бағасы 7%-дан астам арзандап, баррелі 99 доллардан төмен сатылған.