• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Наурыз, 2022

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

526 рет
көрсетілді

1 наурыздағы жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 538 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған мәліметке қарағанда, жыл басынан бері қазақстандықтарға 470,1 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді.

«2022 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,8 млрд теңге бағытталды», делінген ведомство хабарламасында. 

1 наурыздағы жағдай бойынша елімізде 2 млн 246 мыңнан астам зейнеткер тұрады.