• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 17 Наурыз, 2022

Сенат жанынан «Ұлттық мүдде» диалог алаңы құрылды

2080 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Сенаты жанынан «Ұлттық мүдде» атты жаңа диалог алаңы құрылды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі таңда елімізде үлкен тарихи кезең басталуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстанды құруды қолға алдық. Бұл күрделі өзгерістердің жеделдеуіне қасіретті қаңтар оқиғасының да әсері зор болды. Ендігі жерде өткен қайғылы оқиғаларды сараптап, олардан дұрыс қорытынды шығару аса маңызды. Бұл біздің баянды болашағымыз үшін шешуші мәнге ие», деді Сенат төрағасы.

Оның айтуынша, Жаңа Қазақстанды құру жолында депутатарға зиялы қауыммен, ақын-жазушылармен, ғалымдармен ақылдасып, пікірлесіп отырудың маңызы зор.

«Сол мақсатпен Сенат жанынан жаңа диалог алаңын құрып жатырмыз. Оның атын «Ұлттық мүдде» деп атауды ұсынып отырмыз. Қазір әртүрлі пікірталас аландары жетерлік екені белгілі. Біздің жобаның ерекшелігі – депутаттар мен зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, ұлттық мүддемізге, ұлттық құндылықтарға, ұлттың болашағына қатысты маңызды мәселерді талқылау және осы бағыттағы нақты іс-шараларды анықтау. Әрі қарай олардың жүзеге асырылуына ұйытқы болу. Осындай мақсатпен осы диалог алаңын ұйымдастырып отырмыз», деп түсіндірді Мәулен Әшімбаев.