• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Наурыз, 2022

Жиырма азаматтың жағдайы мәз емес

266 рет
көрсетілді

19 наурыз күнгі деректерге зер салсақ, еліміз бойынша 7550 тұрғын коронавирус дертінен емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дертіне дауа іздегендердің ішінде 650 пациент стационарда болса, 6 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Жалпы 52 адамның жағдайы ауыр болса, 20 азаматтың жағдайы өте ауыр, 13 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр екен.