• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 19 Наурыз, 2022

WBO белдігіне таласады

387 рет
көрсетілді

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрдос Төлебай кезекті жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағына таласады, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

25 наурыз күні Алматы қаласында өтетін бокс кешінде Нұрдос Төлебай да шаршы алаңға көтеріледі. Ол өзбекстандық Бұргүт Ходжибаевпен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы белдігінің иегері атанады. Ал бокс кешінің басты шайқасында рингке аса ауыр салмақ дәрежесіндегі үкілі үмітіміз Қамшыбек Қоңқабаев көтеріледі. Ол оңтүстік африкалық Джонни Мюллердің аптығын басуға тырысады.