Түркіменстанның су жаңа президенті Сердар Бердімұхамедов ресми түрде қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгін Түркіменстан астанасында Президенттің ант қабылдау рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Осылайша елдің жаңадан сайланған президенті Сердар Бердімұхамедов ресми түрде қызметіне кірісіп кетті», деп жазды аталмыш елдің бірнеше басылымы.