Коронавирустық инфекция көрсеткіштерінің төмендеуі дерттен келетін қауіптің төмендегенін білдірмейді. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
«Бір анығы, пандемия әлі тоқтаған жоқ, одан төнетін қауіп те сейілмеді. Тіпті, осы аптада инфекцияның қайтадан қаһарына мінгенін аңғардық. Өкінішке қарай, мыңдаған өлім жағдайы тіркелгенін де байқап отырмыз. Сондықтан арқаны кеңге салуға мүлде болмайды. Біз әлі күнге пандемиядан толық құтыла алған жоқпыз», деді Маргарет Харрис өз ойымен бөлісіп.