• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Наурыз, 2022

Жанармай бағасына наразы жұрт шеруге шықты

395 рет
көрсетілді

Грекия астанасы Афины қаласында жанармай бағасының қымбаттағанына көңілі толмайтын ел тұрғындары наразылықтарын білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Билікке талабын жеткізуге тырысқандардың басым көпшілігі - шаруа халық. Олар көптеген шаруа қожалықтарының шығынға ұшырағанын ашына жеткізді. Сондай-ақ олар салықтың сомасын төмендетіп, бөлінетін субсидияны көбейтуді талап етті. Сонымен қатар шерушілер тыңайтқыш бағасының да шамадан тыс қымбаттап кеткенін алға тартты.