Өткен тәулікте еліміз бойынша 49 азаматтың коронавирус дертін жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар бойынша алып қарасақ, Алматы қаласында 19 азамат, Шығыс Қазақстан облысында 6 тұрғын, Солтүстік Қазақстан облысында 6 адам, елордада 5 адам, Қостанай облысында 4 азаматтың қауіпті дертке шалдыққаны анықталған. Жалпы еліміз бойынша осы уақытқа дейін 1304867 тұрғын коронавирус дертін жұқтырған болатын.