• RUB:
    5.4
  • USD:
    472.57
  • EUR:
    508.34
Басты сайтқа өту
Футбол 20 Наурыз, 2022

Нойер бундеслигада Канның рекордын жаңартты

276 рет
көрсетілді

Германиялық «Бавария» футбол клубының қақпашысы Мануэль Нойер бундеслигада жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мюнхендік команда бундеслиганың жиырма жетінші туры аясында Берлиннің «Унион» командасымен кездесіп, қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл нәтижие Мануэль Нойердің кәсіби мансабындағы үш жүз он бірінші жеңісі ретінде тіркелді. Осылайша ол Германия құрамасының аты аңызға айналған қақпашысы Оливер Канның рекордын жаңалады. Оливер Кан кәсіби мансабында үш жүз он матчта жеңімпаз атанған болатын.