Алматы қаласында жарылған жылу трассасы жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше Алматыдағы Саин көшесінің оңтүстік-батысы, Ұлықбек көшесінің қиылысындағы жылу трассасы жарылған болатын. Бүгін аталмыш олқылықтардың орны толтырылды. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС ақпарат таратты. Серіктестік 700 мм құбыр сегментін қалпына келтіру аяқталғанын, жылу трассасы сынақтан кейін қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.