• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2014

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

484 рет
көрсетілді

Президент  Әкімшілігінің келісімімен  және облыс әкімінің өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Ерлан Әукенов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Е. Әукенов 1984 жылы Алматы қаласында туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Бредфорд университетінде менеджер мамандығы бойынша білім алған. «Коммерциялық ұйымдар мен үкіметтік емес секторда басқарушы қызметте тәжірибесі бар. 2008 жылы Білім және ғылым министрінің көмекшісі болған. Ал кейін  осы министрліктің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды. 2010-2011 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында басқарушы қызметте істеді. 2011 жылдан осы кезге дейін  Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды», - деді облыс әкімі Самат Ескендіров оны өңір активіне таныстыру барысында. Е.Әукенов жергілікті атқарушы органдардың қызметі мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп, жаңа технологиялар, сауда, сыртқы экономикалық байланыс, шекаралас ынтымақтастық және жер қойнауын пайдалануды дамыту бойынша аймақтық бөлімшелердің мәселелеріне жетекшілік жасайды. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі. Фото: www.bolashak.kz.