Аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 наурыз күні Алматы төрінде кезекті кездесуін өткізетін қазақ оғланы Қамшыбек Қоңқабаев әуелде Оңтүстік Африка елінің боксшысы Джонни Миллермен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда Джонни Миллердің жарақат алуына байланысты Қамшыбектің қарсыласы ауысып отыр. Енді отандасымыз өзбекстандық Фаррух Жураевқа қарсы шаршы алаңға көтеріледі.