• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2014

Үкімет басшысы Серік Ахметов отставкаға кетті

260 рет
көрсетілді

Бүгін, 2 сәуір күні  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметінің отставкасын қабылдады. Бұл туралы «Қазақпарат» агенттігі хабарлады. «Мемлекет басшысы менің отставкам туралы өтінішімді қабылдады. Өзімнің атынан және Үкіметтің атынан жоғары сенімі үшін Елбасына алғыс білдіргім келеді»,- деді Серік Ахметов. Оның сөзіне қарағанда Үкімет туралы заңға сәйкес Премьер-Министрдің отставкасының аясында барша Министрлер кабинетінің өкілеттігін тоқтататынын білдіреді. Сонымен қатар жаңа үкімет қалыптасқанша құзыреттілік сақталады. Сөз соңында Серік Ахметов барлық Министрлер кабинетіне бірлесе атқарған жұмыстар үшін алғысын айтты. Дереккөз: «Қазақпарат» агенттігі. Фото: www. Bag.kz.