• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Наурыз, 2022

Қазақстан Пәкістанмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын - СІМ

303 рет
көрсетілді

Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 48-ші сессиясына қатысу аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасы Үкіметінің басшылығымен жекелеген кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пәкістанның Премьер-Министрі Имран Ханмен кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Пәкістан үкіметінің басшысы Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл Пәкістанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Парламент Сенатының Төрағасы Садик Санджранимен кездесуде парламенттік дипломатияны жандандыру қажеттігі баса айтылды. Сапар алмасу кестесі мен парламентаралық ынтымақтастықтың жаңа түрлері талқыланды.

ПИР Сыртқы істер министрі Махмуд Курешимен келіссөздер барысында М.Тілеуберді әріптесін Пәкістанның Ұлттық күнімен және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады. Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Сапар барысында Министр М.Тілеуберді және ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің басқа да делегация басшылары ПИР Президенті доктор Ариф Алвимен ұжымдық кездесуге және Пәкістан Ислам Республикасы Тәуелсіздік күнінің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты.