• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Наурыз, 2022

Бірқатар автожолдарға уақытша шектеу енгізілді

175 рет
көрсетілді

Еліміз бойынша ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар автожолдарда уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтар болсақ, Ақмола облысы бойынша «Жезқазған-Петропавл» а/ж 377-440 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Державинск қаласының аралығы;

Павлодар облысы бойынша «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» а/ж 200-254 шақырымы, Шідерті қаласы мен Ақмола облысының шекарасы аралығы;

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» а/ж 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының аралығы;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» а/ж 707-941 шақырымы, Аягөз қаласы мен Бұғаз ауылы аралығы;

Қарағанды облысы бойынша «Жезқазған-Петропавл» а/ж 142-252 шақырымы, Сарлық ауылымен Қостанай облысы шекарасының аралығы;

Қостанай облысы бойынша «Жезқазған-Петропавл» а/ж, 252-340 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық қаласының аралығы;

«Жезқазған-Петропавл» а/ж 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының аралығында уақытша шектеулер енгізілген.

Қазіргі кезде қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы тынымсыз жұмыстар жүргізілуде.

«Қазақавтожол» серіктестігі 1090 бірлік арнайы қысқы техникасы мен 3500-ден астам қызметкерлерін жұмылдырылған.

Соңғы 5 күннің ішінде жолшылардың күшімен 100-ден астам көлік құралына көмек көрсетіліп, олардың 37-сі жылы бокстарға жеткізілсе, 500-ден астам жолаушы серіктестіктің жылыту пункттеріне орналастырылды.